Қызылорда облысының 44 жастағы тұрғыны егіз балаларын сатты. Балалар жаңа туған нәрестелер екендігі атап өтілді. Әйелді жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде ПД ПБББ қызметкерлері анықтады. ҚР ҚК 135-бабының 1-бөлігі бойынша «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталды, қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Фото: Pexels