Алматыда полицейлер 14 жасар қызды зорлады. Ақпаратты журналистерге Ішкі істер министрі Ержан Сәденов растады. «Алматыда екі полиция капитаны 14 жастағы жасөспірім қызды зорлады, бұл фактіні растай аласыз ба? Егер бұл рас болса, күдіктілер ұсталды ма?», деп сұрады журналистер мәжіліс аясында. «Өкінішке орай, мұндай факт орын алды. Бұрынғы жұмысшылар осы қылмысты жасады. Бірден тәртіптік комиссия өткізілді, бұл адамдар жұмыстан шығарылды. Қылмыстық іс аясында олар да қамауға алынды», деп жауап берді Ержан Сәденов. Министр тексеру әлі жүргізіліп жатқанын айтты. Полицейлер қылмыс жасаған кезде құқық қорғау органдарының қатарында болды ма деген сұраққа ІІМ басшысы оң жауап берді. «Иә, мен растаймын», деді министр. Егер