1 маусымда атап өтілетін балаларды қорғау күні қарсаңында БҰҰ Балалар қоры танымал Ninety One тобы мүшелерін ЮНИСЕФ-тің ҚР-дағы ізгі ниет елшілері етіп тағайындау туралы жариялады. Енді музыкалық топ мүшелері балалардың құқықтарын қорғаумен және ілгерілетумен айналысады. «Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшісі болу біз үшін үлкен мәртебе. ЮНИСЕФ біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде үлкен жұмыс атқаруда.