Қазіргі әлемде образдарды жасауда белгілі бір эстетиканы ұстанатын қыздардың белгілі бір түрлері бар. 5 танымал типажбен таныс болыңыздар. City girl Егер қаланы, әлеуметтік іс-шараларды және кештерді жақсы көретін болсаң, онда қалалық қыздың эстетикасы саған сәйкес келеді. Әдетте олар дәл қазір Манхэттендегі кешке баруға дайын тұрған сияқты киінеді. Оның гардеробында кешкі көйлектер, көптеген жылтыр зергерлік бұйымдар, өкшелі аяқ киім және тізбектегі әсем кішкентай сөмкелер бар. Тіпті қарапайым күндерде де джинсыдың өзін жылтыр бұйымдармен, соңғы трендтегі лонгсливтермен үйлестіріп киеді. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Данеля (@dequiine) Clean girl Бұл қыз үшін киімнің сыртқы жағы емес, оның функционалдығы мен қарапайымдылығы маңызды.