Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың (18-0) Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) жеңгені үшін қанша алғаны белгілі болды. MMA Salaries хабарлауынша, бұл жекпе-жек үшін «Номад» мансабындағы ең үлкен гонорар алды — 306 мың доллар (шыққаны үшін 150 мың доллар, жеңіс үшін 150 доллар, тағы 6 демеушілік бонус). Алайда, оның қарсыласы көбірек алды. Томпсонның ақысы 416 мың долларды құрады (400 — шыққаны үшін және 16-демеушілерден). Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Shavkat Rakhmonov (@shavkatrakhmonov94) Шавкат Рахмонов UFC-де Стивен Томпсонды мерзімінен бұрын жеңді. Фото: Instagram