Бұл шаралар ғаламтор-алаяқтармен күресу үшін қабылданады. Ол үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (ӘҚБтК) түзетулер жобасы әзірленді, деп хабарлады ІІМ басшысының орынбасары Игорь Лепеха. «Осы уақытқа дейін абоненттік нөмірді басқа тұлғаларға заңсыз бергені үшін жауапкершілік болған жоқ, бұл іс жүзінде азаматтарға осындай әрекеттерді де кедергісіз жасауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта бұл олқылық жойылуда», делінген