Женевада Өзбекстанның ДСҰ-ға кіруіне арналған жиын өтті. Ел билігі нәтижеге жету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі жұмыс тобы Женевада сегізінші отырысын өткізді. Өзбекстан делегациясының құрамында премьер-министрдің орынбасары Джамшид Ходаев, экономика және ауыл шаруашылығы министрлерінің орынбасарлары, сондай-ақ Президенттің ДСҰ мәселелері жөніндегі арнайы өкілі болды.