Тәжікстан су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан халқына көмек ретінде гуманитарлық көмек жібереді. Гуманитарлық жүктің жалпы салмағы 3,5 мың тоннадан асады. Жүктің ішінде азық-түлік, киім-кешек, медициналық мақсаттағы бұйымдар, құрылыс материалдары және басқа да шұғыл қажетті тауарлар бар.