Қырғызстанда елге тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салынды. Тиісті қаулыға 5 маусымда Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті қол қойды. Бұл шара елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықтың қалыпты жұмыс істеуі үшін өнімнің нарықтық бағасын тұрақтандыру, сондай-ақ көктемгі-жазғы және жазғы-күзгі кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді.