Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 1,5 миллиард долларға дейін өстіЕкі елдің билігі алдағы уақытта бұл көрсеткішті 2 миллиард долларға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.Қырғызстанның Экономика және сауда министрі Данияр Амангелдиев Бішкекке келген Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Такиевпен ресми келіссөздер жүргізді. Елдер арасындағы өзара сауда айналымы 1,5 миллиард долларға жеткені, тараптар бұл көрсеткішті 2 миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отырғаны айтылған.