Қырғыз елінде болған оқушыларға жүк көлігінің соғылу оқиғасына қатысты ведомствоаралық комиссияның тексеру нәтижелері жарияланды. Оның қорытындысы бойынша ҚР ІІМ-нің 12 қызметкері жазаланды. Жалал-Абад облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шара барысында қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені және тиісті профилактикалық жұмыстарды жүргізбегені үшін 12 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.