Өзбекстан билігі өзбек жастарын ауыл шаруашылығына тартпақшы. 60 мың гектарға жуық жерді электронды аукцион арқылы сату және республиканың жас азаматтарына жалға беру жоспарлануда. Өзбекстан билігі жастардың табысын арттырып, жұмыспен қамту үшін жаңа бағдарлама енгізуге шешім қабылдады. Оларға ауыл шаруашылығын дамыту үшін жалға жер телімдері берілмек. Республика президенті Шавкат Мирзиеев тиісті жарлықты бекітті.