Өзбекстан билігі ұшқышсыз ұшақтарды әкелгені және пайдаланғаны үшін жазаны жеңілдетеді. Енді тәртіп бұзғандар бірінші рет айыпталса, қылмыстық емес, тек әкімшілік жауапкершілікке тартылады .Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Түзетулер елге ұшқышсыз ұшатын аппараттарды заңсыз әкелуге және пайдалануға қатысты - республикалық билік жазаны жеңілдету туралы шешім қабылдады.