Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев энергия ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру және күзгі-қысқы кезеңде энергетикалық нысандардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге арналған бейнеконференция отырысын өткізді. 10 маусымда өткен жиында мемлекет басшысы 1000-ға жуық әлеуметтік нысанды алдағы маусымға дайындауды тапсырды.