Соңғы жылдары республикада әйелдерге деген көзқарас түбегейлі өзгерген. Өзбекстан Олий Мажлисі сенатының төрағасы Танзила Нарбаева 11 наурызда Нью-Йоркте БҰҰ Әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссиясының 68-ші отырысында сөз сөйледі. Ол соңғы жылдары Өзбекстанда гендерлік теңдікке қол жеткізуде елеулі қадамдар жасалғанын, әйелдерді қолдау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті.