Қазір Украинамен соғысып жатқан Ресейдің әскери жағдайы мәз емес секілді. Екі күн бұрын Пригожин ылаң салып, Мәскеуге қарулы жорық бастағанда елдің Қорғаныс министрі мүлдем қара көрсетпеген еді. Араға екі күн салып, оның сарбаздардың жағдайын күйттеп жүргені туралы бейнежазба жарияланды.