Қырғызстан Республикасының премьер-министрі Жапаров шенеуніктерге тойға баруға тыйым салды. Ақылбек Жапаров ел Президенті Садыр Жапаровтың барлық жарлықтары мен тапсырмалары сапалы әрі уақтылы орындалуы тиіс екенін еске салды. Осы орайда ол Президенттің той өткізу кезінде мал союға және ысырапшылдыққа тыйым салу туралы жарлығы төңірегінде сөз қозғады.