Тәжікстанда студенттерге мектепте сабақ беруге рұқсат етіледі. Бұрын мектептерде тек жоғары білімі бар мамандар ғана жұмыс істей алатын.Тәжікстан билігі мектептер жұмыс істейтін ережелерді өзгертіп, университеттің соңғы курс студенттеріне мұғалім болып жұмыс істеуге рұқсат берді.