12 жылға бас бостандығынан айырылған ҚР бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов сот үкіміне шағым түсірді, деп хабарлайды Exclusive.kz. – Үкім заңды күшіне енген жоқ. М. Бектанов пен оның адвокаты А.Н. Подушкин шағымданды. Іс әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасына жіберілді, – деп хабарлады қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот ҚазАқпараттың сауалына жауап беріп. […]