ҚР Үкіметі ірі мұнай-газ және мұнай-газ-химия жобаларын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жобаларды іске асыруға $37,3 млрд көлемінде инвестициялар тарту көзделіп отыр. Қабылданған кешенді жоспар мұнай-газ, мұнай-газ өңдеу, сондай-ақ мұнай-газ-химия салаларында 20 маңызды жобаны іске асыруға […]