Қарағанды облысындағы 5 кенші қаза тапқан «Қазақстан» шахтасы жұмысын тоқтатты. Қазіргі уақытта шахтада жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. Өндірушілердің «Қорғау» кәсіподағының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта 600-ге жуық жұмысшы басқа шахталарға жұмысқа орналастырылған. Еске салайық, 17 тамыз күні Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-қа тиесілі «Қазақстан» шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапқан еді. […]