Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі болып тағайындалды. – Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, — делінген жарлықта. Сондай-ақ, Сенат депутаты Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі атанды. – Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, оның Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттық өкілеттігі тоқтатылсын, — делінген жарлықта.