Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысты. Президент Екібастұздағы жағдайды «нағыз апат» деп атады және әкімдерге ескерту жасады. – Әкімдердің бәріне айтарым бар. Өз өңірлеріңіздің әлсіз тұстарын жіті зерттеп, ол мәселелерді шешу механизмін, алгоритмін қарастырыңыздар. Ертең Екібастұздағыдай болмасын. Бұл өте маңызды, – деді ол. Сондай-ақ мемлекет басшысы Екібастұз жылу энергия орталығындағы апаттың мән-жайын анықтауды тапсырды. […]