Ақмола облысындағы Державинск қаласының атауы болып өзгертіледі, деп хабарлайды Exclusive.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап. Қалаға 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Кенесары Қасымовтың құрметіне «Кенесары» атауын беру ұсынылды. Тиісті шешім Ақмола облысы Жарқайың ауданы тұрғындарының жиынында қабылданған. Жиналысқа қатысқан тұрғындардың көпшілігі Кенесары деген атауды қолдаған. Айта кетейік, Державинск қаласы Астанадан 482 шақырым қашықтықта орналасқан. Фото: ашық дереккөз