Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Тоқаев геосаяси қайшылықтардың шиеленісе түскенін атап өтіп, әлем экономикасында тұрақсыздық күшейгенін айтты. – Қазақстан жаһандық сауда-саттық пен мемлекеттердің әл-ауқатына кері әсер ететін экономикалық санкцияларды қолдануға түбегейлі қарсы, – деді мемлекет басшысы. Сондай-ақ президент Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты […]