Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. – Мемлекет басшысының Жарлығымен Оңдасын Сейілұлы Оразалин Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада. Ақтөбе облысының әкімі болып Ералы Тоғжанов тағайындалды. – Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылсын, – делінген хабарламада. Фото […]