Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаев ұсталды. Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Exclusive.kz. Имантаев Ақтөбе облысын 2002-2004 жылдары басқарды. 2019 жылдан 2021 жылдың наурызына дейін «Ақтөбе» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын басқарды. Ақтөбе мамандандырылған сотының қаулысымен Ермек Имантаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Имантаев бес мың АЕК мөлшерінде […]