Ақтөбеде бұрынғы мәслихат депутаты Сәния Мұратова 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. Кеше сот Сәния Мұратованы мас күйінде көлік жүргізгені үшін кінәлі деп тапты. Осылайша ол жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Айта кетейік, Мұратова шешім жарияланған күні сотқа келмеді. Тыңдау барысында инспектор бір ай ішінде полиция бұрынғы депутаттың орналасқан жерін анықтай алмағанын айтты. […]