Алматы әкімдігі «Демократиялық күштер коалициясына» 17 қыркүйек күні президенттің мерзімінен бұрын сайлауына қарсы митинг өткізуге рұқсат бермеді. Ерлан Қалиев пен Арайлым Назарова 17 қыркүйекте сағат 12.00-15.00 аралығында Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда митинг өткізетіні туралы әкімдікке ескерту хат тапсырған. Әкімдік ол күні алаңда «қоғамдық-мәдени шара өтетінін» айтып, ескертуді кері қайтарды. Бұл туралы белсенді Ерлан Қалиев […]