Алматыда 1 қазанға қараған түні 2-3 баллдық жер асты дүмпулері сезілді. Жер сілкінісінің – магнитудасы 6,2, эпицентрі – Қырғызстанда болды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. Сейсмикалық станциялар желісінің ақпараты бойынша, жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша сағат 3:30-да тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 122 км жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы 11.8. MPV магнитудасы 6.2. […]