Алматыда Әди Шәріпов көшесінде орналасқан жатақханадан өрт шығып, 13 адам көз жұмды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. Өрт кезінде жатақханада 72 адам болғаны айтылды. 59 адам өз бетінше сыртқа шығып үлгерген. Қаза болғандардың жеке басы анықталды. Қаза тапқан тоғыз адам – Қазақстан азаматтары, екі ресейлік және екі Өзбекстан азаматтары бар. Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев […]