Бүгін Ақтөбе әкімшілік соты қала тұрғыны Фархад Ғазизге бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзып, «Аманат» партиясын «дауыс ұрлады» деп айыптағаны үшін 172,5 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Exclusive.kz Азаттыққа сілтеме жасап. – Әкімшілік соттың бұл қаулысымен келіспеймін, апелляция алқасына шағым жазамын, – деді ол. Белсенді азамат 24 наурыз күні «Аманат» партиясының Ақтөбедегі ғимараты алдында пикет […]