28 ақпанда «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының мобильді тобы«Күйгенжар», «Мичурино», «Интернациональный» тұрғын алаптарына барып, тұрғындардың мәселесін тыңдады және партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. «AMANAT» партиясы атынан Астана қаласының мәслихат депутаттығына үміткерлертұрғындарға сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындар тарапынан ауылдық жердегі байланыс жүйесін жақсарту, кітапхананы жаңа кітаптармен толықтыру, ауылға жас мамандарды тарту, жалақысы жоғары жұмыс орындарын құружәне басқа да мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. «Шалғай ауылдардың тұрғындары үшін облыс орталығына жету үшін біраз шақырымды жүріп өту қажет. […]