Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін «АрселорМиттал» компаниясының барлық кәсіпорындарында қауіпсіздік аудиті өткізіледі. Бұл туралы Қарағандыдағы баспасөз мәслихатында компанияның атқарушы вице-президенті Виджай Гоял мәлімдеді. – Үшінші тармақ сыртқы бағалауға қатысты. Бұл туралы президент Тоқаев айтты және біз жұмыс жоспарын айқындадық. Шахталарда болып жатқан барлық процедураларды және оларды қауіпсіздік мақсатында қалай пайдалану керектігін қайта қарайтын тәуелсіз сарапшылар қатысады. […]