ҚР Үкіметі мен ArcelorMittal корпорациясы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ны Қазақстанға беру туралы мәмілеге келді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. AMT-ның жаңа инвесторы – Qazaqstan Steel Group. Акционері – қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев. Ал компанияның атауы «АрселорМитталдан» «QARMET» болып өзгереді. – Келіссөздер 2022 жылдың 3 қарашасында АМТ-ның еншілес кәсіпорны – Ленин атындағы шахтада болған қайғылы апаттан кейін басталды. […]