Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеу соты өтіп жатыр. Бірақ журналистердің қатысуына шектеу қойылған. Сот отырысы онлайн өтіп, адвокаттар мен сотталушы Мұхамедиұлы ZOOM арқылы қосылған. Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесіне дайындық кезінде 146 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. – Нұр-Cұлтан қаласы бойынша […]