Жаңаөзенде Ұлттық ұланның әскери қызметшісі өз-өзіне қол жұмсады. Ұлттық ұланда қызмет атқарып жүрген 19 жастағы жігіт Жаңаөзендегі №5548 әскери бөлімнің жатақханасында асылып қалған. Оны іздеген әріптестері бөлмеден мәйітін тапқан. Марқұм 2021 жылдан бастап Ұлттық ұлан қатарында сапер болып қызмет атқарған. – Ұлттық ұлан қатарында қаза тапқан адам 2021 жылдан бері еңбек еткен. Ақтөбе облысынан келді. […]