Астана қаласының бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. – Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп жазылған Жарлықта. Айта кетейік, 8 желтоқсан күні Алтай Көлгінов Астана қаласының әкімі қызметінен босатылды. Астана қаласының әкімі болып Жеңіс Қасымбек тағайындалды. Фото: ашық дереккөз