Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің аумағынан 2020 жылы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдығына орай салынған ескерткіш алынып тасталды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. Ұлттық қорғаныс университеті ескерткіштің жойылғаны туралы ақпаратты растамады. Сондай-ақ жоққа да шығармады. Айта кетейік, Қорғаныс университеті бұрын тұңғыш президенттің есімімен аталған еді. Қазір бұл ғимарат Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталмайды. Фото: ашық дереккөз