Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығысқа қатысты түсініктеме берді. – Біз ата-бабаларымыздан мұраға қалған жердің бір шаршы метрін де ешкімге бермейміз! Біз ұлттық мүдделерімізді қорғау жолында нық тұрамыз, – деді Жапаров. Қазір Қырғыз Республикасының Баткен облысында төтенше жағдай режимі жарияланғаны белгілі. Өңірден 130 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Бүгін таңертең Тәжікстан ҰҚК Шекара қызметі […]