Атырау қаласындағы қыздарға арналған Қазақ Ұлттық мектебі сот шешімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке оқу орнының білім беру қызметін жүргізуге және тіркеуге рұқсаты болмаған. Сол себепті 76 575 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Блогер Нұргүл Мукушева Атырауда «сәләфилік бағытта» мектеп ашылғаны туралы ақпарат таратты. «Сәләфилік бағытта» деген мектеп қызу талқыға […]