Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол құрылыс компанияларына тиесілі 1 млрд теңгеге жуық, соның ішінде аурухана салуға арналған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген. Күдікті 2014 жылдан бері халықаралық іздеуде болғаны айтылды. […]