ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі қант қорын есептеп шығарды. Қазақстандағы қант өндіретін зауыттардың жедел деректері бойынша маусым айында шамамен 38 мың тоннаны құрады, оның ішінде Тараз қант зауыты 18 мың тонна, Көксу – 9 мың тонна, Меркеде – 11 мың тонна өндірілді. Маусым айында үшінші елдерден бажсыз әкелу квотасы аясында 23,5 мың тонна өнім әкелінді. […]