Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов зейнет жасын төмендету мәселесі әлі талқыланып жатқанын айтты. – Мәселе талқылау сатысында, мен бұл туралы айттым, – деді Ералы Тоғжанов Үкімет кулуарында. Вице-премьер жыл соңына дейін әлеуметтік кодекс қабылданатынын, оның аясында зейнет жасын төмендету мәселесі қаралатынын атап өтті. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әйелдер үшін зейнетке шығу жасы 60 жас […]