ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Түркістан облысына іс-сапармен барды. Министр Түркістан облысындағы алты ауылдың жеті мектебін аралағанын айтып, екі мектеп басшысының жұмысына төмен баға берді. – Таңертеңнен бері Түркістан облысындағы алты ауылға барып, жеті мектептің жұмысымен таныстым. Соның ішіндегі екі мектеп басшысының жұмысына төмен баға беруге болады. Өз құзыреттеріндегі міндеттерін орындауына және қажетті жұмысты ұйымдастыруларына […]