Астанада Туризм және спорт министрлігі жанындағы Спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі. 2022 жылы Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысуы үшін Қытайда жасалған сапасы өте төмен спорттық аяқ киім мен рюкзактар сатып алынып, оның құны үш есе көтермеленген. ҚМА елордалық […]