Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Батыс елдерінің саясатына сенбеу керек деп мәлімдеді. Түрік басшысы Грециядағы американдық базалар «Ресейге қарсы» деген сенімге осылай жауап берді. – Біз олардан осы базаларды не үшін салғанын сұрағанда, олар Ресейге қарсы амал деп жауап береді. Ал сіздер Украина үшін не істедіңіздер? Мұның бәрі өтірік. Батысқа сенуге болмайды, — деді ол. […]