Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының бұзақылық әрекетіне қатысты істі тергеу аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz. – Іс бойынша тергеу амалдарын әскери прокуратура қадағалады. Қылмыстық іс аяқталды. Қазір ол соттың қарауында. Ол мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаз. Ол аталған қылмысты жасаған кезде демалыста болған. Нақты үкімді сот шығарады, яғни тиісті […]