Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың ресми санына құқық қорғау органдарының азаптауынан қайтыс болғандар кірмегенін мәлімдеді. – Біздегі бар ресми ақпарат бойынша 232 адам қаза болды. Біз қылмыстық қудалау органымыз ғой, жеке жұмыс істейміз. Қаңтардағы оқиға кезінде қызметкерлердің заңсыз іс-әрекеттерінен, қылмыскерлердің іс-әрекеттерінен қаза тапқан адамдар бар. Мен қазір нақты санын айта […]