Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру шаралары мен 2022 жылғы 12 желтоқсанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы берген тапсырмаларды іске асыру шаралары туралы баяндады. – Әрбір ашылған жұмыс орны бойынша мониторинг Электрондық еңбек биржасында жүргізіліп, зейнетақы жарналары мен еңбек шарттары арқылы расталатын болады. […]